
Отандық денсаулық сақтау жүйесінің даму кезеңінің қазіргі таңдағы басты мақсатына аурулардың түрлерінің ерте басында анықталуы және қауіп-қатерлі факторлардың дер кезінде айқындалуы жатады. Бұл міндеттерді ойдағыдай орындау үшін медициналық көмек көрсету жүйесінде маңызды орын – госпитальға дейiнгi кезеңнің өзекті бөлігі болып табылатын диагностикалық қызметке берiледi.
Заманауи медициналық технологияны, диагностиканың және емдеудiң алдыңғы қатарлы тиiмдi әдiстерiн қолдану – мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында белгiлейтін тапсырмасын орындаудағы маңызды қадам.
Орталықтың қызметi бүгiнгі күнде заманауи диагностикалық медициналық жабдықтарды пайдалану жолымен, медицинаның дәлелді қағидаларына сүйене отырып, диагностиканың және емдеудiң тиiмдi, инновациялық әдiстерiн орындауға бағытталған. Клиниканы таңдауда емделушi үшін екi фактор айқындаушы рөлді атқарады – бұл медициналық ұйымның материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі және дәрiгерлерінiң бiлiктiлiк деңгейі. Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығының ұжымы – көрсетілетін медициналық қызметтердiң деңгейі мен сапасының дамуына, жақсаруына ұмтылатын мамандардың бiртұтас тобы.
Орталықтың емдік-диагностикалық үдерістерінің Сапа менеджменті жүйесінде ұйымдастырылуы – диагностикалау мен емдеудегі сапа және нақтылық, емделушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік. Орталықта «World Certification Services (WCS)» (Ұлыбритания) ұйымының сертификаттау аудитінің қатысуымен ISO 9001-2000, ISO 9001-2008 сапа менеджмент жүйелерi бойынша 2006 жылдан бастап сертификаттау, сондай-ақ 2009 жылдан бастап ұлттық стандарттарға сәйкестікті растау мақсатында аккредитациядан өту жүзеге асырылады.
Бiздiң Орталықтың есiгі Сiз үшiн әрдайым ашық!