Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша амбулаторлық-емханалық ұйымдар үшiн ұйымдастыру-әдiстемелiк орталық, сонымен бiрге облыс тұрғындарына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық медициналық көмек көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымдарының мамандарын және студенттерді даярлау базасы.
Бүгiнгі күнде Диагностикалық орталық – бұл екі клиникалық, бес диагностикалық, сондай-ақ сауықтыру және күндiзгi стационар бөлімдері. Біздің ұйымның 29 дәрiгерлiк мамандықтар бойынша қызмет көрсетуге, 220-ден астам диагностикалық және 330-ға жуық зертханалық зерттеулердi орындауға мүмкiншілігі бар.
Емделушiлердiң келу саны ауысымына – 750-ді, өткiзiлетiн зерттеулердiң саны – 1450-ді құрайды. Жоғары айналымдылық көрсеткіштері медициналық қызметтердi тұтынушылардың Орталықтың мамандарына үлкен сенiмiн білдіреді.
Медициналық қызмет емделушiлерге, тегiн медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінен басқа, ақылы медициналық және сақтандыру компанияларымен жасалынған келiсiм шарт жолдарымен ұсынылады.
Кадрлардың бiлiктiлiгi (дәрігерлердің біліктілік санаты 94 % құрайды) Қазақстан Республикасының орталық оқу базаларында (Астана, Алматы), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде (Санкт-Петербург, Мәскеу, Новосибирск, Литва, Сингапур, Лондон) жетілдіріледі.
Диагностикалық зерттеулер «Philips», «GE» фирмаларының жоғары, эксперт класты ультрадыбыстық сканерлерінде, Essenta DR жоғарғы технологиялық цифрлық рентген аппаратында, науқастардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн жоғары қабiлеттi 64 кескінді мультиспиральді компьютерлік томографта орындалады.
Зертханалық талдаулар жабық түрдегi соңғы буынды заманауи автоматтандырылған гематологиялық, биохимиялық, иммунохимиялық анализаторларда жүргiзiледi.
Бейінді мамандардың кабинеттері қажеттi медициналық құралдармен (офтальмоскоп, автокераторефрактометр, видеокольпоскоп, ЛОР-комбайн, урологиялық лазерлік-вакуумдық массажер және тағы басқалармен) жабдықталған. Кеңесші дәрiгерлер емделушiлерге емдiк манипуляциялардың кең түрлерін ұсынады.
Орталық құрамында ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өткiзуге арналған 150 орындық мәжіліс залы және медициналық әдебиетке, ғылыми-практикалық материалдарға бай кiтапхана бар.