Функционалдық диагностика бөлiмі

Функционалдық диагностика бөлiмі медициналық қызметтерді үш негiзгi бағытта көрсетеді:
Кардиология – жүрек-қантамырлар жүйесінің, кардио-демдік жүйенің, жүрек-тамырлар реттелісінің вегетативтік жағдайының функцияларын зерттеу. Жастық шақтағы кенеттен болатын өлім мен өмірге қауіп төндіретін жағдайларды ерте диагностикалау мен алдын алу жұмыстарын жүргізу. Мониторинг жүргізу, ЭКГ және тыныс алудың ұйқы кезіндегі ауытқуларын зерттеу. Жүрек тербелісі мен потенциалдық реттелісті талдау.
Пульмонология – сыртқы тыныс функцияларын зерттеу (тыныс алу мүшелерiнiң ауруы, жүрек-қантамырлар жүйесі мен сыртқы тыныстың функциясының бiрлескен қызметi), сыртқы тыныс функциясының жасырын бұзылуы.
Неврология – электроэнцефалография, реоэнцефалография, нейросонография.

Функционалдық диагностика бөлiмі - бұл:
- дүниежүзілік стандарттарға сәйкес тыныс алу функциясын (өлкедегi аналогтары жоқ), жүрек-қантамырлар реттелісінің вегетативтік мәртебесін, сонымен бiрге жүйке-бұлшық ет жүйесін зерттеу;
- мидың биоэлектрлік белсендiлiгiн және сыртқы тыныс алу жолдарының жасырын функциясының бұзылыстарын зерттеу;
- емделушiнiң жоқтығында да, нақты уақыт талабында да, зерттеудің нақтылығын және сапасын көтеруге, қорытындысын талдауға мүмкiндiк беретiн ақпаратты компьютерлік өңдеу;
- ұзақ уақыт ішінде жеке амбулаторлық зерттеулер жүргізудің заманауи технологиялары.
Зерттеудiң функционалдық әдiстерiнің артықшылығы – олардың абсолюттi зиянсыздығы, қолжетімділігі және жоғары ақпараттылығы.

Зерттеулерді жоғары білікті дәрігерлер мен медбикелер жүргізеді. Бөлімде 10 дәрігер (5-і жоғары санатты) және 11 медбике (9-ы жоғары санатты) қызмет атқарады.
Функционалдық диагностика бөлімінің мамандарымен жылына 18000 эхокардиография, 20000-ға жуық электроэнцефалография, 5000 нейросонография зерттеулері жүргізіледі.

Кардиологиялық тарауы
- Түрлi түстi допплерлік сканерлеу жолымен эхокардиография жасау - ультрадыбыстық толқындар көмегімен, мониторда әр түрлі жобада жүректің кескінін көру, жүректі визуалдау әдісі. Эхокардиография жүрек өлшемдерi және оның камералары, миокарданың жуандығы, қолқадағы өзгерістер, миокарданың қысқарту қабiлеттiлiгi, жүректiң қақпақшаларының жағдайы туралы мәліметті бередi.
Зерттеулер GE Vivid 5 Pro, Logic-5, PHILIPS HDI22, PHILIPS HDI11 фирмаларының диагностикалық мәліметтің нақтылығын, кескіннің жоғары сапасын және кескіндемелердің жылдамдығын қамтамасыз ететін эксперт класты цифрлық ультрадыбыстық жүйелерінде жүргізіледі.
- ЭКГ тәулiктiк мониторлау - тәулік бойы 24 сағат (7 тәулікке дейін) 3 немесе 12 бөлімде үздіксіз емделушінің күнделікті тiршiлiк әрекетi жағдайындағы жүректiң жұмысы мен оның функцияларын сипаттауға мүмкiндiк береді.
ЭКГ тәулiктiк мониторлау
- жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің сирек пайда болатын бұзылуын диагностикалау, синкопа күйлерiнің генезiн нақтылау;
- имплантация жасалған электрокардиостимулятордың (ЭКС) жұмысын бақылау;
- аритмикаға қарсы терапияның тиiмдiлiгiн анықтау;
- аритмикаға қарсы дәрі-дәрмектердің ықтимал жағымсыз әсерлерiн анықтау;
- жүрек тамырларындағы қан айналымының өткінші жеткіліксіздіктерін, соның ішінде ST сегментінің аурусыз ишемиялық жабығуын айқындау;
- баспаға (ангина) қарсы емдеудің тиімділігін анықтау мақсаттарында GE және BTL-08 (Англия) фирмаларының MARS PC жүйелерiнде жүргiзiледi.
- Электрокардиография (ЭКГ) – электрокардиограммаларды тiркеу көп каналды цифрлық электрокардиографтарды қолдану жолымен жасалады.
Пульмонологиялық тарауы
Micromedical фирмасының (Англия) заманауи пульмонологиялық аппаратурасы сыртқы тыныстың функциясын зерттеуге және бронх өткiзгiштiгі, толықтық, икемділік қасиеттері, тыныс алу бұлшықетінің функциялары сияқты тыныс қызметінің сипаттамаларын бағалауға мүмкiндiк бередi. Сыртқы тыныстың функцияларын зерттеу бронх-өкпе патологиясы бар науқастарға және қатерлі топтағы емделушілерге (шылым шегушілер, ауырлаған аллергиялық анамнезі және өкпе патологиясына тұқым қуалау бейімділігі бар) қолданылады.
Неврологиялық тарауы
- Электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың биопотенциалдарын жазу. Зерттеулер Ресейде жасалған «НЕЙРОСОФТ» фирмасының 24 каналды электроэнцефалографында, АҚШ-та жасалған «NIKOLET» фирмасының 30 каналды электроэнцефалографында жүргізіледі. Электроэнцефалографтық зерттеулер мидың функционалдық белсенділігінің деңгейін бағалау үшін жасалады. Зерттеулердің залалсыздығы, қауіпсіздігі және жоғары сезгіштігі секілді маңызды ерекшеліктері –– емдеу тиімділігіне динамикалық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
- Реоэнцефалография – артериялық және көктамырлық арналардың тамыр тонусын бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу түрі, Ресей өндiрiсiнiң Мицар, Реоспектр аппараттарында жүргiзiледi.
- Нейросонография – 2 жасқа дейінгі балалардың еңбегінің ашық күйiнде мидың қан ағымы жағдайын және патологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи Премиум және эксперт класты ультрадыбыстық сканерлерде жүргізіледі. Мидың қатерлі ісіктерін, кистаны, бас сүйек ішіндегі қысымды және ми шеменін анықтайды.
Ангиологиялық тарауы
Заманауи клиникалық медицинада ультрадыбыстық зерттеу әдiстерi жетекші орында. Бұған бірнеше факторлар себеп болды, ең алдымен: алынатын нәтижелердiң нақтылығы, инвазивсіздігі, процедураның салыстырмалы оңайлылығы және қолжетімділігі, емделушіге зиянын келтiрмей зерттеулерді бірнеше рет өткiзу мүмкіндігі.
Ультрадыбыстық допплерографияның мүмкiндiктерi:
- қолқа стеноздарының және оның тармақтарының, брахиоцефалдық артериялардың, аяқ-қол артерияларының диагностикасы, қабырғаларының күйiн бағалау (артерияның қабынуларының диагностикасы);
- тамырларда реконструктивті операцияларға көрсетулерді айқындау, ауруларды дұрыс сұрыптау үшін, тамыр қабырғаларының қабыну түрін және ишемия дәрежесiн сипаттайтын, аяқ-қол тамырларындағы физиологиялық қан ағымының ультрадыбыстық параметрлерін анықтау;
- тромбоз, тромбофлебит және варикоздық аурулар кезінде веноздық тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы.
Офтальмологиялық тарауы
Көздің ультрадыбыстық зерттеулері – торлы қабықшаның бөлiнуiн, катарактаны, қатерлі ісікті және тағы басқа ауру түрлерін айқындайды.
Бiздiң бөлiмнің дәрiгерлері емделушiлерге білікті көмек көрсетуге
әрдайым дайын!