Ультрадыбыстық диагностика бөлімі

     Бүгінгі таңда ультрадыбыстық диагностика бөлімі – жоғары біліктілік санатты және тәжірибелі мамандар ұжымы. Бөлімде 9 дәрігер (оның ішінде 6-ы жоғарғы санатты) және 6 жоғарғы  санатты медбике қызмет атқарады.

УД бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Қыпшақбайқызы Серманизованың УД мамандығы бойынша еңбек өтілі 19 жыл, жоғарғы санатты дәрігер.

Орталық басшылығының белсенді іс-қимылдарының нәтижесінде УД бөлімі бүгінгі күнге жоғарғы дәрежелі УД-сканерлермен қамтамасыз етілді. УД бөлімі келесі аппараттармен жабдықталған:

 

  1. Philips фирмасының эксперт класты «Hd 11» ультрадыбыстық жүйесі – бұл SonoCT ультрадыбыстық томографиялық технологиясының IV буыны, XRES технологиясының жаңа буыны - визуалды түрде көрсетудің және кескінді талдаудың қуатты құралы болып табылады. Үш өлшемді және төрт өлшемді режимдерді қоса, әртүрлі режимдерде кескінді жаңғырту, түрлі-түсті допплер, энергетикалық допплер жиынтығымен қамтамасыз етілген.
  2. General Elektric фирмасының жоғарғы класты, цифрлік, көпмақсатты, мобилдік «Logig P5» ультрыдыбыстық жүйесі. «Logig P5» ультрыдыбыстық жүйесін қысқаша былай сипаттауға болады – жылжымалы, алымды (қуатты), технологиялы. Сканер, GE компаниясының флагман ультрадыбыстық жүйелерiнiң ерекшеліктерін мұра еттi және жұмыс жайлылығымен қатар, диагностиканың нақтылығын, кескіннің айқындылығын қамтамасыз етумен қатар, өнiмдiлiк пен қол жетімділік аралығындағы өзара байланыстың жаңа деңгейiн жүзеге асырады.

Қолданыстағы эксперт класты аспаптардағы цифрлік технологиялар кескіннің сапасын, сезгiштiгін арттыруға және зерттеудың жылдамдығын арттыруға мол мүмкiндiк бередi.

Бөлімде жеті УД кабинеті қызмет көрсетеді.

УД бөлімінің басты міндеті – ОҚО тұрғындарына ультрадыбыстық диагностикалық зерттеулер жүргізу. УД зерттеулердің 40-тан аса түрі орындалады. Жыл сайын бөлімде 20000 тексеру жүргізіліп, 15000-нан астам емделуші УД зерттеулерден өтеді.

  • УДЗ – бауыр, өт қабы, ұйқы безі және көк бауыр
  • УДЗ – өт қабының функциялары
  • УДЗ – бауыр,өт қабы, ұйқы безі және көк бауыр+ЦДК (допплерографиялық тексеру әдісі)
  • УДЗ – іш қуысы
  • УДЗ – бүйрек, бүйрек бездері
  • УДЗ – бүйрек,бүйрек безі және қуық +ЦДК (допплерографиялық тексеру әдісі)
  • УДЗ – бүйрек қан тамырларының допплерографиясымен бүйрек
  • УДЗ – қуық асты безі
  • УДЗ – қуық асты безі трансректальды + ЦДК
  • УДЗ – қалдық несебімен қуық
  • УДЗ – жатыр және аналық бездері
  • УДЗ – трансвагиналды жатыр және аналық бездері
  • УДЗ – жатыр және аналық бездері + ЦДК
  • УДЗ – сүт бездері
  • УДЗ – сүт бездері + ЦДК
  • УДЗ – қалқанша безі
  • УДЗ – қалқанша  безі + ЦДК
  • УДЗ – сілекей  бездері
  • УДЗ – бұлшық  еттері /тері асты май қабаты/
  • УДЗ – лимфа  түйіндері
  • УДЗ – жүктіліктің 1 триместрі
  • УДЗ – жүктіліктің  1 триместрі трансвагиналды
  • УДЗ – жүктіліктің   2-3 триместрі
  • УДЗ – жүктіліктің    2-3 триместріндегі  қан тамырларының допплері
  • УДЗ – айыршық безі+ЦДК балаларға
  • УДЗ – анабез
  • УДЗ – аталық жыныс мүшелері
  • УДЗ – анабез тамырлары+ЦДК
  • УДЗ – аталық жыныс мүшелерінің  қан тамырлары
  • УД З – буындар
  • УДЗ – нәрестелердің ұршық буыны
  • УДЗ – брюшиналық  аортаның дуплексті зерттеуі+ЦДК
  • УД бақылауымен қалқанша бездері мен сүт бездерінің диагностикалық пункциясы
  • УДЗ – плевра қуысы
  • УДЗ – брюшиналық аортаның дуплексті ангиосканері
  • Брюшиналық аортаның құлдырау бөлігінің ультрадыбыстық доплерлік зерттеуі
Ультрадыбыстық диагностика бөлімінде жаңа медициналық тәсілдерді меңгеру және енгізу жұмыстары жүргізіледі:
  1. Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен қолқаның іштік бөлігінің және оның ішкі ағзалық тармақтарын дуплексті зерттеу;
  2. Пенилді тамырларды дуплексті зерттеу;
  3. Жүктіліктің 2-3 триместрінде серпінді тәртіпте тамырларды допплерлік зерттеу;
  4. Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен тоқ ішектің орталыққа жақын жатқан бөлімдерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
  5. Түрлі-түсті допплерлік тексеруді пайдалану тәсілімен жатыр артерияларының эмболиясынан кейінгі жатыр артериясындағы және миоматоздық түйіндегі қан ағымын трансвагиналды зерттеу;
  6. Талдау және ары қарай қысқа мерзiмде морфологиялық диагнозды анықтау үшiн жасушалық материалдың алынуын қамтамасыз ететiн (қалқанша безінің, сүт безiнiң және лимфа түйіндерінің пункциялары) УД бақылауымен инвазивтік диагностикалық манипуляциялар орындалады.
Осы әдiстемелердiң тиiмдiлiгі, жылдамдығы және диагностикалық нақтылығы –тәжірибелік денсаулық сақтау саласында қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Ана мен бала өмірін қорғаудың денсаулық сақтаудағы басты бағыттардың бірі екендігі ескеріліп бөлiмде жүкті және фертильді жастағы әйелдерді тексеру бағытында көлемді жұмыстар жүзеге асырылуда. ОКДМО-ның ультрадыбыстық диагностика бөлімі – пренаталдық диагностиканың екiншi деңгейіне жатады. Медициналық көрсеткіштер бойынша (ұрықтың ТБЖА кезінде) жүктілікті тоқтату қажеттігі туралы шешім қабылдауда ОКДМО-ның  ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің кеңесінің шешімі шешуші рөлді атқарады.

Ультрадыбыстық диагностика бөлімі – Оңтүстiк өңірінің дәрiгерлерi маманданудан және кәсiби қайта даярлықтан өтетiн Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының клиникалық базасы болып табылады, ал бөлімнің дәрігерлері – дипломнан кейiнгi дайындық кафедрасының ассистенттерi.

Ультрадыбыстық диагностика бөлімі қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы тәжірибелік денсаулық сақтау саласы бойынша ультрадыбыстық диагностика қызметінің алғы шептегі белсенді құрылымы, үйлестіруші буыны және оқу орталығы.